ЭКОМУЗЕЙМЕН БІРГЕ ӘРЕКЕТКЕ КӨШ

«Атамекен» фильмін көріп, Семей ядролық полигоны мұрасы туралы көбірек біл де, экологиялық әділет пен зардап шеккендерді қолдау жолында күресіп жүргендерге көмектес.
Тіркелу

ИМПАКТ-СЕРІКТЕС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ЭкоМузей (Қарағанды облыстық экология музейі) — Қарағандыда жұмыс істеп тұрған, ағарту және зерттеу жұмысы жағынан көпжылдық тәжірибесі бар экологтар ұйымы. Музей командасы экология, адам құқығы және білім беру тоғысында жұмыс істеп, орнықты даму, экологиялық әділет және ядролық сынақтардың салдары мәселесімен айналысып келеді   ЭкоМузейдің бір басымдығы — тарихи жадты сақтап, Семей полигонынан қалған мұраны түйсініп, ол туралы ақпарат таратып, эксперттер мен аудиторияны келешек туралы диалогқа қатыстыру. ЭкоМузейдің негізін қалаушы әрі даму директоры, эколог Дмитрий Калмыков — «Атамекен» фильмінің бас кейіпкерлерінің бірі.

БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

«Атамекен» деректі фильмінде Семей ядролық полигоны маңында тұратын, әлі күнге ядролық сынақтардың зардабын тартып келе жатқан адамдар туралы айтылады. Зардап шеккен өңір тұрғандары лайық қолдау көріп отырған жоқ, оның басты себептерінің бірі – полигон мұрасы әлі де Қазақстан тарихының аз зерттелген парақтарының бірі болып келе жатқанында. Алайда ЭкоМузей мақсаты — Семей полигонының өткені, бүгіні мен ертеңі туралы толық оқыту курсын шығарып, сол курсты бүкіл елдегі мектеп және ЖОО бағдарламаларына кіріктіру. Сол курстың бір бөлігін онлайн өтіп көрсеңіздер, ол туралы жұртқа айта жүрсеңіздер деп ұсынып отырмыз. Оған қоса, курстың ары қарайғы жұмысын қолдасаңыздар, тарихи жадты сақтау және зардап шеккендерге әділет әперу жолында күресіп жүргендерге де көмектесесіздер.

ӘРЕКЕТКЕ КІРІС

ЭкоМузейдің Семей ядролық полигоны мұрасына қатысты істеп жатқан жұмысын қалай қолдауға болатыны жөнінде Alternativa Film Days басталғанда айтамыз. Көрсетілімдерімізге келіңіздер!

ОНЛАЙН-КУРС ӨТ

Семей полигонының тарихына, гуманитарлық және экологиялық мұрасына арналған онлайн-курстың бірінші модульдерін өтіп көріңіз.

КУРСҚА ӨТУ

КУРС НАСИХАТШЫСЫ БОЛ

Осы курсты өз төңірегіңе, әлеуметтік желілерде, мектептер мен ЖОО әкімшіліктеріне, ұстаздарға, активистер мен ата-аналарға ұсынып, насихаттай жүр.

НАСИХАТШЫ ЖАДНАМАСЫН АЛУ

ЖОБАНЫ ҚАРАЖАТ БЕРІП ҚОЛДА

Курстың толық нұсқасын және мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған қазақша/орысша әдістемелік құралдарды әзірлеу жұмысын қолда.

ҚАРАЖАТ БЕРУ

Серіктестеріміздің жобасына көмектес

Бұл жобалар да Қазақстандағы ядролық сынақтардың салдарына байланысты және назар аударып, қаржылай қолдауға лайық

Көбірек біліңіз

15 тамыз • 19:00

Welcome HomeКинопоказИмпакт-дискуссияАRТиШОК театры

16 тамыз • 14:00

Welcome HomeКинопоказAlmaty Creative Hub