
Матье Дарра
Вы успешно подписались на нашу рассылку
Франция
First Cut Lab, Pop Up Film Residency, Full Circle Lab секілді киножобаларды дамыту және кинематографистерді дайындау бойынша халықаралық бағдарламаларды бастаған, Tatino Films компаниясының негізін қалаушы және директоры
Tatino Films-тан бұрын Матье өзі негізін қалаған NISI MASA жас киносының Еуропалық желісін басқарды, Positif киножурналына жазып, TorinoFilmLab шығармашылық директоры болды. Сонымен қатар ол Канн фестивалінің сын Аптасында іріктеуші, Венециялық кинофестиваль кеңесшісі және Братислава кинофестивалінің шығармашылық директоры болып жұмыс істеді.
АҚШ
FilmAid халықаралық гуманитарлық ұйымының директоры. FilmAid босқындар мен басқа да мұқтаж қауымдастықтарға өмірлік маңызды ақпарат пен психологиялық көмек көрсету үшін кино мен басқа медианы қолданады.
FilmAid-қа дейін Гита ұзақ жылдар бойы әділетті қоғам құруға ықпал ететін деректі фильмдер шығаратын тәуелсіз Kartemquin Films кинокомпаниясында жұмыс істеді. Онда Гита көптеген сыйлықтарға ие болған, әлемнің түкпір-түкпірінен иммигранттар мен босқындардың АҚШ-тағы алғашқы жылдары жайлы The New Americans сериалына продюсерлік етті. Сондай-ақ Гита Big Sky деректі кино фестивалінің атқарушы директоры болды. Ол Американың байырғы тұрғындарына, жастарына және қоршаған ортаға бағытталған бағдарламалармен айналысты.
Нидерланды
Movies that Matter фестивалінің шығармашылық директоры
Деректі фильмдерді түсірді және продюсерлік етті, Амстердам университетінде кино және теледидар факультетінде сабақ берді. Шамамен 15 жыл бойы голландиялық телекомпанияларда бағдарламалық қызмет атқарды, деректі киноны қолдап, дамытты. 2006 жылы ол адам құқықтары мен әлеуметтік мәселелер туралы фильмдерге арналған Movies that Matter халықаралық фестивалін құрды.
Индонезия
Docs by the Sea және Good Pitch Indonesia кинобастамаларының артында тұрған In-Docs коммерциялық емес ұйымының атқарушы директоры.
Гуги түрлі елдерде әлеуметтік салада, мәдениет пен өнерде менеджментпен айналысады. Альберт-Людвиг университетінде (Фрайбург, Германия), Латын Америкасы әлеуметтік ғылымдар факультетінде (Буэнос-Айрес, Аргентина) және Чулалонгкорн университетінде (Таиланд) оқу қорытындысы бойынша жаһандық зерттеулер саласында магистр дәрежесін алды. Берлин мен Джакарта арасында тұрып, жұмыс істейді.
Қазақстан
Кинотанушы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті, NETPAC Азия-Тынық мұхиты киносын алға бастыру желісінің басқарушы кеңесінің мүшесі
2005-2013 жылдары Алматыдағы халықаралық «Евразия» кинофестивалінің шығармашылық директоры болды, Берлинале мен басқа да беделді кино көрсетілімдердің қазылар алқасына кірді. Орталық Азия кинематографы жайлы кітаптардың авторы және бірлескен авторы, олардың ішінде «Cinema in Central Asia: Rewriting Cultural Histories» (Ұлыбританияда басылған) және «The Unknown New Wave of Central Asian Cinema» (Оңтүстік Кореяда басылған). Өнертану докторы, Француз өнер және әдебиет орденінің кавалері.