Industry Days

Industry Days

Alternativa Film Awards жаңа кино сыйлығы Industry Days — кино саласының өкілдері мен Алматының кең аудиториясына арнап бірқатар іс-шаралар өткізеді. Бағдарламаның негізгі оқиғалары – филиппиндік режиссер және продюсер Брийанте Мендосамен паблик-ток, халықаралық кинематографистермен қоғамдық пікірталас құралы ретінде кино туралы дөңгелек үстел және Орталық Азия киноиндустриясының өкілдерімен паблик-ток болады.

Режиссер Брийанте Мендосамен паблик-ток

2 желтоқсан
11:30 - 13:00

ALMAU Атриум
Розыбакиев к-сі, 227

Industry Days аясындағы режиссермен ашық диалог форматында басты шара – көрермендер залдан сұрақтар қоя алады. Кинематографтың қоғамдағы рөлі және режиссердің мамандықтағы жолы туралы әңгіме.


Брийанте Мендоса — 2009 жылы «Қасапхана» (Kinatay) фильмі үшін Канн фестивалінің Үздік режиссерлік сыйлығын жеңіп алған алғашқы филиппиндік режиссер және продюсер, сонымен қатар Францияның өнер және әдебиет орденінің иегері болған алғашқы филиппиндік. Мендосаның «Минданао» (2019), «Мама Роза» (2016), «Тұзақ» (2015), «Құрсақ» (2012) және «Лола» (2009) фильмдері де Берлин мен Венециядағы кинофестивальдерге қатысып, жеңіске жетті. Мендоса филиппиндік жас кинематографистерді және Филиппинде кино білімін арттыруды үнемі қолдайды: ол өз елінде кино қоры мен кинофестиваль құрды, сонымен қатар үнемі режиссерлік шеберлік сабақтарын өткізеді.


Брийанте Мендоса өзінің режиссерлік тәжірибесі, кинематография мен импакт- киноның қазіргі рөлі, кино тілінің эволюциясы және Филиппин киноиндустриясының даму үрдістері туралы Алматы кинематографиялық жоғары оқу орындарының студенттерімен, киносыншылармен, Орталық Азия мен Азия аймағынан келген зерттеушілер мен кинорежиссерлармен әңгімелеседі.

Модератор:

киносыншы Гульажар Машрапова

Тілі:

ағылшын + қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аударма

Паблик-ток «Қоғамдық пікірталас құралы ретінде кино»

2 желтоқсан
13:30 - 15:00

ALMAU Атриум
Розыбакиев к-сі, 227

Кино әлеуметтік процестерге қалай әсер етеді және қоғамдық пікірталасқа қалай көмектеседі? Бұл туралы Аlternativa Film Awards қазылар алқасы мен сараптамалық кеңесінің мүшелері сөз қозғайтын болады. Оның құрамына фестивальдар мен мәдени орталықтардың кураторлары, киносыншылар, режиссерлер, продюсерлер және Орталық Азия елдерінің және басқа да Азия елдерінің мәдени журналистері, кино мен импакт қиылысында іске асырылған жобалар тәжірибесі бар Қазақстан мен Орталық Азияның халықаралық қоғамдық ұйымдары мен креативті индустрияларының өкілдері, сондай-ақ, Орталық Азияда әлеуметтік тақырыпта кеңінен айтылған фильмдердің режиссерлері мен продюсерлері кіреді.

Модератор:

Гита Саэди Киели, FilmAid (АҚШ) Гуманитарлық ұйымның директоры

Тілі:

ағылшын + қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аударма

Қатысушылар

Гита Саэди Киели

АҚЩ

FilmАid гуманитарлық ұйымының директоры, ол босқындар мен басқа да мұқтаж қауымдастықтардың мүшелерін кино арқылы қолдайды және оқытады.

Прасанна Витханаге

Шри-Ланка

Шри-Ланка киносының ізашары. Оның фильмдері көптеген ұлттық және халықаралық марапаттарға ие болды және отанында көрермендердің хитіне айналған.

Ринту Томас

Үндістан

Дерекші, режиссер және продюсер. Оның 2021 жылы «Сандэнс» фестивалінің екі сыйлығын жеңіп алған «Отқа оранған мәтін» дебюті «Оскарға» ұсынылған алғашқы үнді деректі фильмі.

Юн Ли

Оңтүстік Корея

Продюсер, фембелсенді, гендерлік зорлық-зомбылық пен медиа-мәдениетті зерттеуші, Poljjak Film – әйелдердің көзқарасына негізделген фильмдер түсіруге бағытталған продюсерлік компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Элина Каракулова, Қырғызстан

Элина Каракулова

Қырғызстан

Медиасарапшы, Қырғызстандағы Интерньюс өкілінің кеңесшісі.

Матье Даррас

Франция

Бүкіл әлемде кинематографисттерді дайындау және консалтинг бойынша бағдарламаларды жасап, басқарады: First Cut Lab, Pop Up Film Residency, Full Circle Lab.

«Орталық Азия бірегейлігі: аймақтың кинематографиялық нарративтері мен трендтері» Орталық Азия кинематографистерімен паблик-ток

3 желтоқсан
13:00 - 14:30

Smart Point
Байзақов к-сі, 280

Орталық Азия авторларының жаңа буынының киносы әлемдегі аймақтың бірегейлігі мен даралығы туралы түсінік қалыптастырады. Режиссерлер мен продюсерлер, номинанттар, қазылар алқасы мен сыйлықтың іріктеу комитетінің мүшелері, сондай-ақ Орталық Азиядағы киноиндустрияны дамытумен айналысатын институттардың өкілдері бүгін аймақтың киносы қандай болуы керек, ол қандай құндылықтарды көрсетеді, қалай дамып, әлемдік кинематографияға ене алады және жергілікті көрермендермен қалай диалог жүргізу керектігін талқылайды.

Модератор:

Актер, сценарист Карим Кадырбаев

Тілі:

орыс

Қатысушылар

Баян Алагузова

Қазақстан

Киноактриса, тележүргізуші, әнші. Берлинале Панорама бөлімінде көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алған «Бақыт» отбасылық зорлық-зомбылық драмасының продюсері.

Айсұлтан Сейітов

Қазақстан

Кино және музыкалық бейнелер режиссері, QARA Studios негізін қалаушы. Оның «Қаш» фильміндегі дебюті бірнеше беделді халықаралық кинофестивальдерге қатысып, Шанхай кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясына ие болды.

Катерина Суворова

Қазақстан

Деректі кинорежиссер. Оның фильмдері Қазақстан мен Орталық Азияның әр түрлі қауымдастықтарының күнделікті тәжірибесінен шабыт алады, Алматыда әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда фильмдер түсіруге бағытталған «Тихий свет» деректі киностудиясының негізін қалаушы.

Жаныл Жусупжан

Қырғызстан

Кинорежиссер, оператор. Бұрын Қырғызстандағы «Один Мир» адам құқықтары жөніндегі деректі фильмдер кинофестивалінің арт-директоры, «Невидимые женщины Оша» радиобағдарламалар сериясы үшін AIB Халықаралық хабар тарату қауымдастығының (Ұлыбритания) жүлдегері.

Юлия Ким

Қазақстан

Парижде орныққан қазақстандық кинопродюсер. Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанмен копродукцияда фильмдер жасауға көмектесетін East Wind Production продюсерлік компаниясының негізін қалаушы.