inDrive Орталық Азияда Alternativa Film Project коммерциялық емес кино жобасын бастайды.

2023 жылдың соңында Алматыда Alternativa Film Awards алғашқы сыйлығы өтеді.

inDrive жаһандық технологиялық компаниясы жаңадан дамып келе жатқан кино саласында режиссерлерді қолдау және ілгерілету үшін коммерциялық емес фильм жобасын іске қосты. Alternativa Film жобасының миссиясы — жұмысы әлем туралы түсінігімізді кеңейте алатын және оны жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін авторларды ресурстармен қамтамасыз ету, халықаралық сахнадағы көрінуін арттыру, сондай-ақ жергілікті киноиндустрияның және қауымдастықтың дамуына күшті серпін беру . Alternativa Film Project – елден елге көшетін, географиясын кеңейтетін көшпелі жоба. 2023 жылы жоба Орталық Азияда басталады.

Жобаның негізгі бастамалары Алматы мен Бішкектегі Alternativa Film Labs аясындағы үш білім беру бағдарламасы, сондай-ақ ең басты оқиға – желтоқсан айының басында Алматыда өтетін бірінші халықаралық Alternativa Film Awards салтанаты болады.