Бірінші Alternativa Film Award халықаралық сыйлығының қазылар алқасының құрамы жарияланды

Қазылар алқасын филиппиндік режиссер, Канн кинофестивалінің жеңімпазы Брийанте Мендоса басқарады. Оған Гита Саэди Кили, Удайя Прасанна Витанаге, Ринту Томас, сондай-ақ Баян Алагузова, Вячеслав Абрамов, Руслан Акун және Анна Чубинидзе қосылады. Брийанте Мендоса - 2009 жылы Канн кинофестивалінде «Қасапхана» (Kinatay) фильмі үшін «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алған алғашқы филиппиндік режиссер және продюсер, француздық Өнер және әдебиет орденімен марапатталған алғашқы филиппиндік. Мендосаның «Минданао» (2019), «Мама Роза» (2016), «Тұзақ» (2015), «Құрсақ» (2012) және «Лола» (2009) фильмдері де Берлин мен Венециядағы кинофестивальдерде бақ сынап, жеңімпаз атанды. Филиппиндік жас кинематографистерді белсенді түрде қолдап, Филиппиндегі кино білім деңгейін көтеруді үнемі қолдап жүрген Мендоса туған елінде киноқор мен кинофестиваль құрды, сонымен қатар үнемі режиссура бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.