ALTERNATIVA FILM AWARDS 2023 ЖЫЛҒЫ СЫЙЛЫҚ НОМИНАНТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Alternativa Film Awards номинанттарының тізіміне Орталық Азия мен Азияның басқа елдерінен 14 толықметражды және 7 қысқаметражды фильм кірді. Жеңімпаздар 2023 жылдың 2 желтоқсанында Алматыда өтетін алғашқы марапаттау рәсімінде жарияланады.

Сыйлықты таңдау комитеті толықметражды финалистер тізіміне 8 ойын және 6 деректі фильмді енгізді. Олар «Бауырына салу» Асхат Кучинчиреков (Қазақстан), «Похищение невесты» Мирлан Абдыкалыков (Қырғызстан), «Узник Вахана» Жаныл Жусупжан (Қырғызстан), «Cotton 100%» Михаил Бородин (Өзбекстан), «Qoryqpa» Катерина Суворова (Қазақстан), «Воскресенье» Шокир Холиков (Өзбекстан), «Тұл» Шарипа Уразбаева (Қазақстан), «Кто следующий?» Нуржамал Карамолдоева мен Султан Усувалиев (Қырғызстан), «12 недель» Анна Исабель Матутина (Филиппины), «Бездетная деревня» Реза Джамали (Иран), «Haeil» Юджон Но, Йын Ли, Дабин Ан и Соен Ким (Оңтүстік Корея), «Сын Иосифа» Хаобам Пабан Кумар (Үндістан), «Зимних каникул не будет» Раджан Катхет және Сунир Пандей (Непал), «Шепоты огня и воды» Лубдхак Чаттерджи (Үндістан).

Орта Азиядан ғана қабылданған қысқаметражды фильмдердің тізіміне 7 жұмыс енді: «О чем поют птицы» Толомуш Жаныбеков (Қырғызстан), «Каменная невеста» Гузел Дуйшенкулова (Қырғызстан), «Базар» Томирис Орозоева (Қырғызстан), «Сказка» Камила Рустамбекова (Өзбекстан), «Сары-өмір» Рустем Дастанулы (Қазақстан), «Сын своего отца» Дастан Мадалбеков (Қырғызстан) және «Поздний ветер» Шугыла Сержан (Қазақстан).