Alternativa Film Awards киносыйлығының жеңімпаздары жария болды

Alternativa Film Awards халықаралық киносыйлығы 2 желтоқсанда Алматыда өткен тұңғыш марапаттау салтанатының аясында жеңімпаздарды жариялады.

Alternativa FIlm Awards 2023 лауреаттары

Future Voice – «Бауырына салу» Асхат Кучинчиреков (Қазақстан) фильмі

Spotlight – «Похищение невесты» Мирлан Абдыкалыков (Қырғызстан) фильмі

Spotlight номинациясында қазылар алқасының ерекше атап өтуі – «Воскресенье» Шокир Холиков (Өзбекстан) фильмі

Alter – «Qoryqpa» Катерина Суворова (Қазақстан) фильмі

Nativa – «Зимних каникул не будет» Раджан Катхет және Сунир Пандей (Непал) фильмі

Short Awards – «Сын своего отца» Дастан Мадалбеков (Қырғызстан) фильмі

Бұдан бөлек сыйлықтың командасы «ҚАШ» Айсұлтан Сейітов (Қазақстан) фильміне Resonance (көрерменнің ерекше мойындауына ие болған фильм) арнайы сыйлығын ұсынып, бұл санатта «Бақыт» Асқар ҰЗАБАЕВ (Қазақстан) фильмін ерекше атап өтті.

Alternativa Film Awards иерархия құрмайды — барлық марапаттар тең және бірдей қаржылай сыйға ие. 2023 жылы сыйлықтың жалпы қоры $100 000 және бес номинацияға бірдей бөлінді.