Alternativa Film Labs Орталық Азияда жаңа білім беру циклін іске қосып, Development Lab бағдарламасына қабылдауды ашуда

2024 жылы Alternativa Film Labs Орталық Азияда қайта өтіп, үш кино зертханасынан тұратын болады: Development Lab, Impact Lab және Teen Lab. Development Lab-қа қатысуға Open call 6 наурызда ашылып, 28 сәуірге дейін жалғасады.

Development Lab шығармашылық зертханасы өзінің сценарий және продюсерлік дағдыларын дамытқысы келетін, жаңа кәсіби байланыстар орнатқысы келетін және халықаралық сарапшылардың басшылығымен толықметражды фильмнің сценарийін жазғысы келетін және (немесе) халықаралық әлеуеті бар киножобаның продюсерлік стратегиясын жасағысы келетін Орталық Азия елдерінің кинематографистеріне арналған. Зертхананың мақсаты – болашақ серіктестерге және халықаралық кино институттарына, сондай-ақ өңірдегі тапсырыс берушілер мен өндірушілерге одан әрі ұсыну үшін киножобаны әзірлеу.