ВИМ БЕРТ ГАБРИЭЛЬ ВАНАКЕР
Режиссер, сценарист, питчинг бойынша сарапшы
Pitching Training
Онлайн, 26–30 қазан 2023
Халықаралық нарықтар мен питчингтер — бұл киножоба авторлары мен осы жобаларды қолдай алатын адамдар: фестиваль таңдаушылары, кино қорларының өкілдері, продюсерлік компаниялар және онлайн-платформалар үшін басты кездесу алаңдары. Питчингтерде кинематографистер пікірлестерді, серіктестерді, қаржыландыруды табады – бір сөзбен айтқанда, өздерінің кәсіби болашағын қалыптастырады. Мұндай шараға қалай қатысуға болады? Мінсіз өтінімді қалай жазуға болады?Қойылымды қалай құруға болады? Сені есте сақтау үшін не айту керек?
Питчинг бойынша 4 күндік онлайн интенсивте қатысушылар өз жобаларын кез келген аудиторияға ұсынуды үйренеді және қаржыландыру мен серіктестерді іздеуге арналған институттар мен бағдарламалар туралы біледі. Интенсив оқытушылары – халықаралық кинофестивальдерде және тренингтік бағдарламаларда көп жылдық тәжірибесі бар адамдар. Олар жобалардың әлсіз және күшті жақтарын талдауға, болашақ фильмді алға бастыру стратегиясын жасауға және кәсіби өсудің жол картасын жасауға көмектеседі.
Бір ойын және бір деректі жобаның авторлары арнайы өнеркәсіптік сыйлыққа ие болады - біздің серіктестеріміз Berlinale Toolbox білім беру бағдарламасынан орын. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 58 басқа қатысушымен бірге Орталық Азиядан екі режиссер Doc Toolbox және Fiction Toolbox онлайн семинарларына қатысып, халықаралық сарапшылардан жеке кеңестер алады және 2024 жылдың қысында Берлинде Еуропаның ең үлкен кино базарына барады. Alternativa Film Labs бағдарламаға қатысудың барлық шығындарын өзіне алады.
ҚАТЫСУШЫЛАР
Вы успешно подписались на нашу рассылку
«Мерген»
ойын фильмі
Қырғызстан
Кеңес Одағының таралуынан кейін Мерген қаласында ақша табудың екі жолы ғана қалады: тау өзендерінде алтын табу мен браконьерлік. Нұртай есімді полицей тауда аңшының өлімін тергейді. Айғақтар оны сирек кездесетін жануарларға аңшылық үшін туристтерді Қырғызстанға алып келетін «браконьерлер патшасы» Керімге алып келеді. Керім шетелдік спонсор тауып, ескі алтын шахтаны қалыпқа келтіру үшін лицензия сатып алуды армандайды. Бірде аңшылық кезінде бай турист абайсызда Анар деген қызды атып өлтіреді. Керім туристті бопсалау арқылы өз арманын орындауға мүмкіндік алады. Ал Нұртайда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дарын оянады. Ол аңшы мен Анардың өлімі және алтын шахтаның арасындағы байланысты түсіндіретін көріністерді көре бастайды.
«Жертөле»
деректі фильм
Қазақстан
Жас кезінде Дина Смаилова топтық зорлауға тап болып, 25 жылдан кейін ғана әлеуметтік желіде бұл туралы жазуға батылы барды. Осыдан кейін көптеген әйелдер оған өз бастарынан өткендері туралы айта бастайды. Динаның оларды қолдауға деген ұмтылысы оны жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына әділдікке жетуге көмектесетін «НеМолчи.kz» қоғамдық қорын басқаруға итермеледі. Динаға қолдау іздеп барғандардың бірі Елена Иванова. Ол колледждің ақысын төлеу үшін құрылыста жұмыс істеп, билік пен жазасыз қалу мүмкіндігі бар бастығынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады.
«Тоҥ»
ойын фильмі
Якутия
Азық-түлік қоймасын қарапайым тонау Михаил үшін нағыз бас ауруына айналады, әсіресе істі тергеуге табанды полиция қызметкері кіріскенде.
«Біз осында тұрамыз»
деректі фильм
Казақстан
Семей ядролық полигоны шегі жоқ қиыр далада орналасқан. Мұнда өмір өз кезегімен жүруде. Халық өмірінде радиацияның барына үйренген: радиоактивті шаң үйлеріне кіріп, ауада ұшуда. Алайда бұрынғы ядролық сынақ алаңы фильм кейіпкерлері үшін күрестің орталығына айналды. Біріншісі, көп жылдар бойы полигонды зерттеп, әлі күнге дейін осы ашық аймаққа тап болған адамдардың радиация алатын өмірлерінің әр жылы үшін күресетін эколог. Екіншісі, Нұрбол – мүгедектігі бар баланың әкесі. Нұрбол қызының денсаулығы үшін күресуде. Ол баланың ауруруының себебі радиацияда екеніне сенімді. Өз күрестерімен кейіпкерлер енжарлық пен үнсіздік апатқа әкелетінін және біз қауіпсіз планетада өмір сүру құқығы үшін тұруымыз керек екенін көрсетеді.
«Картон жәннат»
ойын фильмі
Қазақстан
Анасы ұзақ айырылудан кейін әкесіне қайта қосылып, қаладан ауылға көшіп келгенде болған өзгерістерді жас Бигүл қабылдамайды. Бигүл өзінің жаңа ортасы мен ауылдағы өмірін жек көреді, жанжал мен арандатушылық тудырады. Әкесі жағдайдан шығудың жолын Бигүлдің ерте тұрмысқа шығуынан көреді. Сонымен қатар, бұл да қалың мал алу арқылы баюдың жолы. Одан әрі бұрмаланған оқиғада қалаға қашу, ақша іздеу, сатқындық, кек алу, адам ұрлау және жол апаты орын алады.
«Ортасында»
ойын фильмі
Қазақстан
30 жастан асқан Шолпан Францияда жеті жыл оқып, жұмыс істеп, әжесін жерлеуге Қазақстанға қайтып келеді. Туыстары мен қоршаған ортасы тұрмысқа шығып, бала-шағалы болуға итермелейді. Анасы Шолпанға тіпті бала туу арқылы ғана арылуға болатын генетикалық ауру жайлы өтірік айтады. Кейіпкеріміз Францияға қайтқысы келеді, алайда ол құжаттармен проблемаларға тап болады. Ол Парижде жұмыс іздеп жүріп, өзінің Instagram парақшасында гендерлік теңдік пен әйелдер құқығы туралы әңгіме бастайды. Әлеуметтік қысым мен таптаурындармен күресе отырып, ол басқа
«Өткір бұрыштар»
ойын фильмі
Қазақстан
Ғалия — кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор. Ол екі баласы – 17 жастағы Азат пен 6 жасар Алдияр және қарт әкесімен тұрады. Күшті және қатал Ғалия бәрін бақылауды жақсы көреді, ал оның отбасы мұндай шектен тыс қорғаныстан зардап шегеді. Бір күні Ғалияға жазылмайтын ауру – амиотрофиялық бүйірлік склероз диагнозы қойылады, ол толық сал ауруына, ақырында өлімге әкеледі. Ол әлсіреп, өмірі құлдырады: үлкен ұлы нашар топқа түседі, қарауындағы нашар отбасылардан шыққан балалармен қайғылы оқиғалар орын алады. Шабуыл нәтижесінде Ғалия ауруханаға түседі. Бірнеше аптадан кейін ол үйге оралып, оның тұрақты бақылауынсыз оның отбасы жаман емес өзгерге ұшырағанын байқайды.
«Мұғалім»
ойын фильмі
Қазақстан
Балқаш көлінің жағасындағы шағын жерде тұратын Жандос есімді музыка пәнінің мұғалімі үлкен қалаға көшуді армандайды. Оның көршісі Светлананың Кирилл есімді даму ерекшелігі бар баласы бар. Ол өзіне адамдарды оңай жақындата қоймайды, бірақ Жандос онымен байланыс орната алды. Кенеттен мұғалімнің арманын орындау мүмкіндігі туады – ол өз оқушыларымен бірге меценат алдында өнер көрсетуі керек, егер оған концерт ұнаса, қалаға көшуге де мүмкіндік болады. Осы кезде Кириллдің анасы өз-өзіне қол жұмсайды. Жандос балаға барынша көмектесуге тырысады және үнемі жақын жерде болып, музыка ойнауды жалғастырады. Осылайша ол музыканың емдік әсері бар екенін алғаш рет көреді. Концертке риза болған меценат Жандосқа бірге кетуге ұсынады. Алайда, кейінірек Кирилл үшін шағын бөлмеде ойнай отырып, кейіпкер мұнда және концерт залындағы музыканың дәл солай естілетінін түсінеді. Меценат жалғыз кетеді. Таңертең ерте Балқаштың жағасында тұрған Жандос өзінің орнын тапқанын түсінеді.
Beauty
деректі фильм
Казақстан
Өзің болу бостандығы және бұл құқықты қорғау батылдығы туралы хикая. Арулат 11 жасында бүгінгі күні де ерлер мен әйелдерге арналған заттар арасы анық айырмашылық бар Екібастұз шахтерлер қаласында маникюр шебері болып жұмыс істейді. Кейіпкерге бар нәрсе қиындық тудырады: уақыт, мүмкіндіктер, қала және қоғам. Алайда оның артында үлкен ұлының қайшылыққа толы арманының арқасында өзгерген бүкіл отбасы тұр. Інісі шаштараз, Тәжікстандағы азамат соғысына қатысқан әкесі модель және визажист, бұрынғы техник анасы маникюр шебері болды. Қазір Арулат 16 жаста, оның жеке сұлулық салоны бар. Сондай-ақ ол мектеп оқушысы, отбасының ұйытқысы, филантроп және қарапайым жеткіншек. Арулаттың отбасы – қазіргі қазақ және посткеңестік қоғамның қиылысы, бұл фильм тек осы адамдар туралы ғана емес, сонымен қатар ескі мен жаңа қатар өмір сүріп жатқан бүгінгі Қазақстан туралы.
«Менің әкем — жолбарыс»
ойын фильмі
Каазақстан
Амантай — он жасар қызы Алуа оқитын мектепте шахматтан сабақ беретін, өзіне сенімсіз мұғалім. Алуа достарының әкелеріне таңданады және ол жолы болмайтын әкесінен ұялады. Осы және басқа да мәселелер кейіпкерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді, Амантай ауруханаға түседі. Онда кенеттен оның қорқыныш сезімін толығымен жоғалтуына әкелетін сирек кездесетін генетикалық ми ауруы асқынады. Бұдан кейін қарақшылармен қақтығыс болып, кейіпкер жеңіске жетеді, әйелімен қайта қосылады, бірақ оның қызымен қарым-қатынасы әлі де шиеленіскен. Алуаның беделіне ие болу үшін Амантай суперқаһарман болуға бел буады.
«Картон жәннат»
ойын фильмі
Қазақстан
Анасы ұзақ айырылудан кейін әкесіне қайта қосылып, қаладан ауылға көшіп келгенде болған өзгерістерді жас Бигүл қабылдамайды. Бигүл өзінің жаңа ортасы мен ауылдағы өмірін жек көреді, жанжал мен арандатушылық тудырады. Әкесі жағдайдан шығудың жолын Бигүлдің ерте тұрмысқа шығуынан көреді. Сонымен қатар, бұл да қалың мал алу арқылы баюдың жолы. Одан әрі бұрмаланған оқиғада қалаға қашу, ақша іздеу, сатқындық, кек алу, адам ұрлау және жол апаты орын алады.